ABC

YASAWI group - Кепіл болам
текст песни

4

0 человек. считает текст песни верным

0 человек считают текст песни неверным

YASAWI group - Кепіл болам - оригинальный текст песни, перевод, видео

М-м, үи-и, а-а, м-м.
Әуелі – һу, ақыры – һу, деп, өзіңнен кет,
Хақ жамалын көрсетпесе кепіл болам.
Хақ жолына кемел жан боп төзіммен жет,
Хақ жамалын көрсетпесе кепіл болам.
«Лә Иләһа ИллАлланы» тіліңе сал,
Діліңе сал, әр тыныста – нұрын ашар.
Пірмұғаның назар бұрса түріңе сәл,
Хақ жамалын көрсетпесе кепіл болам, кепіл болам!
Алла, Алла, Алла, Алла,
Алла, Алла, Алла, Жан-Алла!
Жан-Алла
Тақты тепкен Адһамдардың жет соңынан,
Кімді көрсең: «Қызыр – ол», - деп өп қолынан.
Сахарда тұр,
Сахарда тұр жанарыңнан төк толы қан,
Хақ жамалын көрсетпесе кепіл болам.
Сен Хақты сүй зәкір болып, шәкір болып,
Нәпсі көзін ой сахарда, аһ ұр келіп,
Дүниені қой Баязидтей пақыр болып,
Хақ жамалын көрсетпесе кепіл болам, кепіл болам!
Алла, Алла, Алла, Алла,
Алла, Алла, Алла, Жан-Алла!
Ей, әуелі – Һу, ақыры – Һу, Һу, Һу
Хақ жамалын көрсетпесе кепіл болам!
Аа-ей, әуелі – Һу, ақыры – Һу!
Аа, а-а,
Хақ жамалын көрсетпесе кепіл болам, кепіл болам!
Ұйқыдан без ақыреттің қаупіменен,
Күндіз-түні жүр Алланың зауқыменен, зауқыменен,
Жүректі жар махаббаттың шауқыменен,
Хақ жамалын көрсетпесе кепіл болам.
Бол қашанда Пірмұғанның назарында,
Өзіңді сат мағрифат базарында.
Шарабыңды іш, зікіріңді қаза қылма,
Хақ жамалын көрсетпесе кепіл болам, кепіл болам!
Алла, Алла, Алла, Алла,
Алла, Алла, Алла, Жан-Алла!
Я, Рабби,
«Я, Рәббәна, заләмна» деп нала қылсаң,
Жан-жағыңа жанарыңнан қан ағызсаң,
Хай зікірін,
Хай зікірін серік тұтса санаңыз сан,
Хақ жамалын көрсетпесе кепіл болам.
Махаббаттың майданында басты ойнатсаң,
Кірпігіңнің әр талына жас байлатсаң, жас байлатсаң,
Дидар тілеп, «һу-һу-һу» деп тас қайнатсаң,
Хақ жамалын көрсетпесе кепіл болам, кепіл болам!
Алла, Алла, Алла, Алла,
Алла, Алла, Алла, Жан-Алла!
Алла, Алла, Алла, Алла,
Алла, Алла, Алла, Жан-Алла!

Другие песни исполнителя:

Все тексты YASAWI group

Верный ли текст песни?  Да | Нет